2011 жылға жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № А-12/297 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қаңтарда № 1-3-150 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 3-8-1/И-1033 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 05.11.2014 № 3-8-1/И-1033 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақтың 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2 – тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «2010 жылға жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 17 ақпандағы № А–2/39 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-133 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурызда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады