Покровка селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданының Покровка селолық округінің әкімшілігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 14 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 қаңтарда № 1-5-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 6 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Покровка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Покровка селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін: № 1 көшеге - Сарыарқа атау, № 2 көшеге – Абай атындағы атау, № 3 көшеге -  Жастар атауы, № 4 көшеге - Мәдениет атауы, № 5 көшеге - Жағалау атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Покровка селолық
      округінің әкімі                            Ю.Носов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Атбасар ауданының мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.Бекенова

      «Атбасар ауданының
      сәулет және қала құрлысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.Кенжебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады