Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 4С-26-3 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда № 1-6-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 2314 Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е. Құрманов

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Собеский

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      Астрахан ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы    Қ. Жұмақаев

      Астрахан ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          Т. Наприенко

Астрахан аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 4С-26-3 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленді және Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегі – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астрахан ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрған үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылган телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс кызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз көлемінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей төленеді.
      2. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір тұрғын бөлме мөлшерінде алынады.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме болып анықталады, бюджеттік қаражатты бойынша уәкілетті орган «Астрахан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме анықталады, тұрғын үй көмегін төлеу бойынша уәкілетті ұйым «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық пошта байланыс торабы анықталады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу

      4. Отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен катар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндер басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады. Есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, отбасының кірісі және коммуналдық қызмет шығыны өткен тоқсаннан есептеледі.
      Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
      Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
      5. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші және оған тіркелген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасы табысын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түп нұсқалармен бірге тапсырылады, одан соң түп нұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған мақсатты жарнаның көлемі туралы шот;
      2) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондиминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот тапсырады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін тапсырады.
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы шығынына өтемақыға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 5 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты тапсырады.
      Қайта өтініш бергенде 1,2,3 тармақшалардағы құжаттар өзгерістер пайда болғанда тапсырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды, орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім шығарады немесе тағайындаудан бас тартады.
      Тұрғын үйді тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      7. Ақпараттың сенімділігіне күмән келген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға өтініш беруге құқылы.
      8. Тұрғын үй көмегінің көлемі жеке меншік иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушы) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы шегінде, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін нақты төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      9. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегі бюджеттік қаражатты бөлу бойынша уәкілетті органның қаржыландыруына байланысты ай сайын (құқығы бар жағдайда) жүргізіледі.
      Төлем аудандық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың есебінен азаматтардың жинақтау шотына аудару жолымен тұрғын тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұргын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi N 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң Ережесiнің негізінде есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады