2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 29 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 желтоқсанда № 1-6-145 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2011.03.31 № 9 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Астрахан
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Кантемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады