Бұланды ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № А-07/377 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамыздағы № 1-7-119 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № А-02/24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы  әкімдігінің 2011.02.09 № А-02/24 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (1жылдан астам);
      2) 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларында;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тарбиелеп отырған әйелдер;
      5) маусымдық және уақытша жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылған тұлғалар;
      6) жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер.
      2. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады