Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Байсары және Қызылту селоларының көшелеріне атауын иелену және Бестоғай селосының көшелерінің атауын өзгерту туралы.

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № 01 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 наурызда № 1-9-148 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Бестоғай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Байсары селосының көшелеріне атауы иеленсін:
      № 1 көшеге Жеңіс атауы иеленсін;
      № 2 көшеге Алғожа Мақанбедиев атындағы атауы иеленсін.
      2. Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Қызылту селосының көшелеріне атауы иеленсін:
      № 1 көшеге Бәйтерек атауы иеленсін;
      № 2 көшеге Болашақ атауы иеленсін.
      3. Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Бестоғай селосындағы көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Фрунзе көшесі Абай Құнанбаев атындағы көшесіне;
      Целинная көшесі Тың игерушілер көшесіне;
      Новостройка көшесі Достық көшесіне;
      Советская көшесі Бейбітшілік көшесіне.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Бестоғай селолық
      округінің әкімі                            Д.Кудабаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Батенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады