Изобильный ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Изобильный ауылдық әкімінің аппараты 2010 жылғы 19 мамырдағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда № 1-9-153 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы әкімінің 26.06.2014 № 4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Изобильный селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Изобильный ауылындағы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі Республика көшесіне;
      2) Титов көшесі Жамбыл Жабаев атындағы көшесіне;
      3) Степняк көшесі Жеңіс көшесіне;
      4) Октябрьская көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      5) Целинный көшесі Бөгенбай батыр атындағы көшесіне;
      6) Фрунзе көшесі Кенесары Қасымов атындағы көшесіне;
      7) Новая көшесі Қаныш Сатпаев атындағы көшесіне;
      8) Урожайная көшесі Төле би атындағы көшесіне;
      10) Степная көшесі Достық көшесіне;
      11) Ростовская көшесі Сәкен Сейфуллин атындағы көшесіне;
      12) Родниковская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      13) Восточная көшесі Желтоқсан көшесіне.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы әкімінің 26.06.2014 № 4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Изобильный
      ауылының әкімі                             Ө.Ж.Теміртасов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ерейментау ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Б.Әдрешев

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н.К.Батенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады