2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда № 1-12-138 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2011.04.25 № 5 шешімімен
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың «Ақмола облысы Жарқайың ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-12-118 тіркелген, 2010 жылдың 15 қаңтарында аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А. Ахметоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

      «КЕЛСІЛГЕН»

      «Ақмола облысы Жарқайың
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.Дильдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады