Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 "Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 48 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 18 наурызда № 3330 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.17 № 129 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 «Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3304 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 152, 153 жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде «6-тармағына» деген сөзден кейін «, 5-баптың 2-тармағы» деген сөздермен толықтырылсын, «, Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтағы «15 000 (он бес мың) теңгені» деген сандар мен сөздер «20 000 (жиырма мың) теңгені» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Облыс әкімі                               Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады