Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 9-307 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 11-374 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 маусымда N 2-1-124 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда тіркелген нөмірі N 2-1-121, "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 14 мамырдағы 20-нөмірінде жарияланған) N 9-307 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      2 тармағында:
      көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
      Асқар Шахатұлы Шайхин - "Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
      Сымбат Кабкешқызы Сванколова - "Талдықорған қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік денсаулық мекемесінің медбикесі, хатшысы;
      көрсетілген құрамнан Қилыбаева Келденқыхзы, Нартбаева Бибигүл Кажымуханқызы шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады