1994 жылы туылған азаматтарды 2011 жылы "Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 11 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 06 қаңтарда N 2-1-135 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2011.04.28 N 7 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабы 3-тармағының негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында 1994 жылы туылған азаматтарды Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 мекен-жайында орналасқан "Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Е. Алпысовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талдықорған қаласы
      қорғаныс істері жөніндегі
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы подполковник           Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин
      2010 жылғы 29 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады