Қаражота селолық округінің Сарыбұлақ ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота селолық округі әкімінің 2010 жылғы 14 шілдедегі N 07-36 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 26 шілдеде N 2-8-158 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қаражота селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота селолық округінің Сарыбұлақ ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Сарыбұлақ ауылының "Октябрьская" көшесі "Достық" көшесі деп өзгертілсін;
      2) Сарыбұлақ ауылының "Гаражная" көшесі "Бауыржан Момышұлы" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
      3) Сарыбұлақ ауылының "Фрунзе" көшесі "Мұхтар Әуезов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
      4) Сарыбұлақ ауылының "Молодежная" көшесі "Жұмаш Бураханов" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Округ әкімі:                               Ә. Айтақынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады