Қаратал ауданы бойынша 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-03 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 18 қаңтарда N 2-12-167 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы N 12-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімінің 2011.12.27 N 12-12 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару, және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын тіркеуге шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Үштөбе қаласы, С. Юн көшесі, 22 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Қала, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгілеген мерзімде Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
       3. "Қаратал ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "1993 жылы туылған азаматтарды 2010 жылы Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 12-28 (Қаратал ауданының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 27 қаңтарда тіркелген нөмірі 2-12-138, "Қаратал" газетінің 2010 жылы 05 ақпанда 6 нөмірінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
       4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
       5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Қ. Медеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаратал ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ержан Сансызбайұлы Асылбеков
      22 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады