Сарыкемер ауылындағы Маяковский көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 65 Шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 маусымда № 120 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Маяковский көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Маяковский көшесіне Жақыпбаев Әубәкірдің есімі берілсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын қадағалау Сарыкемер ауылдық округі Әкімі аппаратының бас маманы Қ.Құралбаевқа жүктелсін.
      3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сарыкемер ауылдық округінің
      Әкімінің міндетін атқарушы
      Д. П. Сумелиди

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады