Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 50/2 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 ақпанда N 8-3-113 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы N 2/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.01.12 N 2/1 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
N 50/2 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін
пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық
жұмыстар түрлерінің тізбесі

N р/с

кәсіпорындардың атауы

мекенжайы

жұмыстардың түрлері

1

"Теміртау мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Республика даңғылы, 38

аумақты абаттандыру және жинау

2

"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Республика даңғылы, 13А

аумақты абаттандыру және жинау

3

"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Республика даңғылы, 34А

аумақты абаттандыру және жинау

4

"Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Карл Маркс көшесі, 5

аумақты абаттандыру және жинау

5

"Теміртау-қызмет" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

Қарағанды шоссесі көшесі, 24-1

аумақты абаттандыру және жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады