Жаңаарқа ауданы аумағында 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 желтоқсандағы N 239 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда N 8-12-103 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.01.10 N 11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне" орай, Жаңаарқа ауданы көлемінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы бойынша 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын аудандағы мекеме, ұйымдары және кәсіпорындарының тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Уәкілетті орган "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға жұмыс берушілерімен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
      3. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Амангелды Жылқыбайұлы Жылқыбаевқа, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтарға айына ең төменгі еңбекақы 15999 (он бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге көлемінде жалақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізу ұсынылсын.
      4. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 10 қаңтар 2010 жылғы "Жаңаарқа ауданы аумағында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 1 қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 8-12-66 тіркеу номерімен Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында тіркелген, 2010 жылғы 30 қаңтардағы "Жаңаарқа" газетінде N 7 (9364) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді және 2011 жылдың 5 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                С. Оспанов

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 желтоқсандағы
N 239 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Жаңаарқа ауданының мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындары мен жұмыс түрлерінің тізбесі

Рет саны

Кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар атаулары

Адам саны

Жұмыс түрлері

Қаржыландыру көзі

жұмыс көлемі теңге

1.

"Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

235

Кент аумақтарын және парктерді, саяжайларды тазалау, сәулеттендіру, көгалдандыру, әлеуметтік карта жасау, автомобиль жолдарын жөндеу, күрделі және ағымды құрылыс жұмыстарына, мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, мекемелердің қысқа дайындық, науқандық жұмыстарына, су құбырларын жөндеу жұмыстарына қатысу, тағы басқа жұмыстар

Аудандық бюджет

10151,3

2.

"Ақтау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

431,0

3.

"Айнабұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

431,0

4.

"Ақтасты селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

215,0

5.

"Ақтүбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

863,0

6.

"Жұмажанов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

215,0

7.

"Бидайық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

647,0

8.

"Байдалы би селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

863,0

9.

"Ералиев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

863,0

10.

"Қараағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

16

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

690,5

11.

"Қызылжар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Кенттің аумағын көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

431,0

12.

"Сейфуллин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

863,0

13.

"Түгіскен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

863,0

14.

"Целинный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау

Аудандық бюджет

431,0

15.

"Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

10

Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы (халыққа қызмет көрсету орталықтарында)

Аудандық бюджет

431,0

16.

"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Аудандық бюджет

431,0

17.

"Аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

5

Күрделі және ағымды жұмыстарға, мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, қысқы науқандық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

215,0

18.

"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, кенттің әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттарды өңдеу

Аудандық бюджет

431,0

19.

"Аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

4

Тізілімдер мен хабарландыру хаттарды дайындау, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу

Аудандық бюджет

172,0

20.

"Жаңаарқа ауданының аудандық орталық ауруханасы" КМҚК

5

Күрделі және ағымды жұмыстарға, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, сырқаттанған адамдарды күту, ауруларды аралау

Аудандық бюджет

215,0

21.

"Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

15

Ауқымды мәдени іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу (жарыстар, фестивальдар)

Аудандық бюджет

647,0

22.

"Аудандық салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

15

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртіктерін және хабарламаларын тарату

Аудандық бюджет

647,0

23.

"Жаңаарқа ауданының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі

3

Маусымдық ағымды жұмыстарды жүргізу

Аудандық бюджет

129,0

24.

"Аудандық статистика бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Құжаттарды тіркеу, мәліметтер жинастыру, қоғамдық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

431,0

25.

"Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

30

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларына қатысу, шақыру қағазын тарату

Аудандық бюджет

1201,0

26.

Мәдени сауық орталығы КМҚК

5

Маусымдық ағымды жұмыстарды жүргізу

Аудандық бюджет

215,0

27.

Жаңаарқа аудандық қылмыстық атқару инспекциясы

3

Сотталғандармен тиісті деңгейде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру

Аудандық бюджет

129,0

28.

"Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

10

Санитарлық тазалық сақтау, үйлердің техникалық жағдайын тексеру, жылу жүйелерін ағымды жөндеулерден өткізу

Аудандық бюджет

431,0

29.

"Тазасу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

10

Санитарлық тазалық сақтау, үйлердің су құбырларын тексеру және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджет

431,0

30.

"Ғ. Жарылғапов атындағы N 12 кәсіптік мектебі" мемлекеттік мекемесі

5

Маусымдық ағымды жұмыстарды жүргізу

Аудандық бюджет

215,0

31.

"Жаңаарқа ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

4

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату

Аудандық бюджет

172,0

32.

"Жаңаарқа ауданының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" мемлекеттік мекемесі

4

Мұрағатқа құжаттарды реттеу, тіркеу

Аудандық бюджет

172,0

33.

"Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату

Аудандық бюджет

431,0

34.

"Жаңаарқа ауданы бойынша МСЭҚҚД басқармасы" мемлекеттік мекемесі

4

Санитарлық тазалық сақтау, құжаттарды өңдеу жұмысы, құжаттардың санын толтыру мен тарату

Аудандық бюджет

172,0

35.

"Жаңаарқа ауданының кітапханалар жүйесі"

2

Санитарлық тазалық сақтау, құжаттарды өңдеу жұмысы, құжаттардың санын толтыру мен тарату

Аудандық бюджет

86,3

36.

"С. Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи өлкетану мұражайы" КМҚК

2

Санитарлық тазалық сақтау, құжаттарды өңдеу жұмысы, құжаттардың санын толтыру мен тарату

Аудандық бюджет

86,3

37.

"Демалыс саябақтары және стадионды басқару" КМҚК

4

Күрделі және ағымды жұмыстарға, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, қысқы науқандық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

172,0

38.

"Аудандық "Жаңаарқа" газетінің редакциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

2

Құжаттарды өңдеу, сараптама жасау, ағымды жөндеу жұмыстары

Аудандық бюджет

86,3

39.

"Аудандық N 50 өрт сөндіру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

Күрделі және ағымды жұмыстарға, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, қысқы науқандық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

86,3


Барлығы

600



25793,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады