Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 ақпандағы N 12 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 наурызда N 8-13-78 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және аудандық Мәслихаттың 2009 жылдың 22 желтоқсанындағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 19/192 шешіміне сәйкес аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы ауданының атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтарына бастапқы азық - түлік бағасының қымбаттауына байланысты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жарты айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын өтемақы төленсін.
      2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Жұманбаев) өтемақыны бөлімнің базалық мәліметіне сәйкес төлесін.
      3. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Ахметжанов) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451–007-332 бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. "Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық - түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 15 желтоқсанындағы N 295 қаулысының (Қарқаралы ауданының әділет басқармасында 2008 жылдың 30 желтоқсанында N 8–13-55 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 қаңтарындағы N 3–4 (10749) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Аудан әкімі
Н. Омарханов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады