2010 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 18/02 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қазанда N 8-14-127 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 8-9/304 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011.04.13 N 8-9/304 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына сәйкес, 2010 жылы қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Ауыл және кент әкімдері:
      1) 2010 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1983-1992 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.
      4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
      5. Аудандық медициналық бірлестігі (Мұқышева Бахыткүл Қабылхамитқызы - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.
      6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Әбілов Сайран Бөгенұлы - келісім бойынша):
      1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы
      Г.Қ. Досполова
      13 қыркүйек 2010 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық медициналық
      бірлестігінің
      директоры
      Б.Қ. Мұқышева
      13 қыркүйек 2010 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      Қ.Ш. Жолболдин
      13 қыркүйек 2010 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      С.Б. Абілов
      13 қыркүйек 2010 жыл

Қосымша
аудан әкімдігінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
N 18/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

      1. Жолболдин Қайролла       - комиссия төрағасы,
         Шәріпұлы                   Нұра ауданының қорғаныс
                                    істер жөніндегі бөлімінің
                                    бастығы (келісім бойынша)

      2. Гизатулин Фаниль         - комиссия төрағасының
         Фанауивич                  орынбасары, аудан әкімі
                                    аппаратының азаматтық қорғаныс
                                    және төтенше жағдайлар жөніндегі
                                    бас маманы

      3. Девайкина Елена          - комиссия хатшысы
         Владимировна

Комиссия мүшелері:

      4. Протасенко Константин    - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
         Викторович                 бастығының орынбасары
                                   (келісім бойынша)

      5. Балтабаева Зинат         - аудандық медициналық
         Байбекқызы                 бірлестігінің терапевт-дәрігері
                                   (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады