Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 293 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 314 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда N 8-14-138 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2012.02.16 N 22 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 293 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-14-130 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылғы 23 қазандағы N 43 (5178) санында жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
      1) Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету  Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "және Нұра ауданының" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөздерімен толықтырылсын;
      2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағында бірінші абзацта "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тіліндегі 1 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы (Г. Прокоп) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Кұрманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады