1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-212 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2011.12.21 N 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Бекмағамбетов Б.Ә. келісім бойынша) 1994 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркелмеген жастары үлкен азаматтарды тіркеу 2011 жылғы қаңтар-наурыз аралығында жүргізілсін.
      2. Мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, мектептер мен басқа қоғамдық салалардың директорлары әскерге дейінгі жастарды медициналық тексеруден өту үшін және құжаттарды жинау үшін, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.О. Дүйсембаевке жүктелсін.
      4. Осы шешімі ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

      Қала әкімі                                 Қ. Смағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы
      подполковник
      ________________ Б.Ә. Бекмағамбетов
      2010 ж. 21 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады