1995 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 қаңтарда N 8-4-263 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қаласының бiрiктiрiлген қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi (Бекмағамбетов Б.Ә. келiсiм бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 1995 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласының бiрiктiрiлген қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру учаскесіне тiркелмеген жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзсiн.

      2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге дейiнгi жастарды медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.

      3. Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 2 "1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-212 тіркелген, 2011 жылдың 22 қаңтарында N 2 (211) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.

      5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

Қала әкiмi

Е. Өтешев

КЕЛIСIЛДI


Балқаш қаласы қорғаныс істері


жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы


подполковник


________________ Б.Ә. Бекмағамбетов



      2011 жылғы 23 желтоқсан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады