Қызылорда қаласындағы жануарларды күтіп-ұстау тұтынудың Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 37/10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық әділет басқармасында 2011 жылы 28 қаңтарда N 10-1-162 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 08 шілдедегі N 45/3 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011.07.08 N 45/3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы"  және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызылорда қаласындағы жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 21/4 "Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 14 қазанда 10-1-118 нөмірімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2009 жылғы 16 қазандағы N 71 (666-667) және "Қызылорда таймс" газетінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 44(989), 2009 жылғы 29 қазандағы N 45(990) шығарылымдарында жарияланған) шешімінің күші және 2010 жылғы 25 маусымдағы N 31/5 "Қызылорда қаласындағы жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың Ережесін бекіту туралы", 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/9 "Қызылорда қаласындағы жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың Ережесін бекіту туралы", 2010 жылғы 27 қазандағы N 35/5 "Қызылорда қаласындағы жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың Ережесін бекіту туралы" шешімдері жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      қалалық кезекті отыз жетінші
      сессиясының төрағасы                           Қ.ЕРНАЗАРОВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                           И.ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      Келісілді
      27 желтоқсан 2010 жыл
      "Көркейту" МКК Директоры
      Маханов М.Т._____________

Қосымша
      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      2010 жылғы 23 желтоқсан
      кезекті ХХХVII сессиясының
      N 37/10 шешімімен бекітілген

Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың 
      қағидасы туралы

1. Жалпы қағидалар

      1. Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстап тұтынудың Қағидасы (бұдан әрі Қағида) - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңдары мен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес дайындалған, адамдар мен жануарлардың қатар өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастыруды белгілейді.
      2. Осы Қағидада төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
      2.1. Үй жануарлары мен құстар - ауылшаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар, ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың барлық түрлері ( мүйізді ірі қара, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар) иттер мен мысықтар.
      2.2. Үй жануарларының иесі - меншік түріне қарамастан өзінің жеке меншігінде немесе басқа иелігінде жануары бар жеке және заңды тұлға.
      2.3. Үй жануарларын күтіп-ұстау - жануарлар иелерінің жануарларының денсаулығын сақтауға, ветеринариялық санитарлық талаптарды сақтай отырып жоғары бағалы тұқым алуға, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға жасаған әрекеті.
      3. Осы Қағида  талаптары Қызылорда қаласы аумағында тұратын барлық жануарлардың иелеріне әрекет етеді.

2. Жануар иесінің құқығы мен міндеттері

      4. Жануар иесінің құқықтары мен міндеттері "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған.
      5. Жануарлар жануар иесінің жеке меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.
      6. Жануардың адам денсаулығына келтірген зияны немесе мүлік шығыны жануар иесінен заңдылыққа байланысты өндіріледі.
      7. Жануарлар ауруының алдын алу үшін ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңдылықтарда қаралған ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағиданы іске асыру.
      8. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеу.
      9. Бірнеше жануар кенеттен өліп, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану.
      10. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне  ветеринариялық - санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеу;
      11. Әртүрлі жұқпалы аурулардың таратушылары масалар және шыбындармен, басқа да зиянкес жәндіктермен күресу мақсатында үй жануарлары мен құстар тұратын орындарды инсектицидтік препараттармен залалсыздандыру.
      12. Сатып алған үй жануарларын қалалық ветеринария бөлімінде тіркеу.
      13. Жануарларды үнемі жұқпалы ауруларға қарсы егіп отыруды жүргізу.
      14. Иттер мен мысықтардың адамдарды немесе жануарларды тістеген, жарақаттаған жағдайлары туралы дәрігерлік мекемелерге, қалалық ветеринариялық бөлімге жедел хабарлау.
      15. Иттерді серуендеткенде қысқа қарғыбаумен, ірі иттерді тұмылдырықпен ұстау.

4. Жануарларды күтіп-ұстау

      16. Өзінің қосалқы шаруашылықтарында үй жануарларын күтіп ұстайтын қала тұрғындары үй жануарларын ұстауды ветеринариялық – санитарлық бүкіл кешенді шараларын сақтап, адам мен жануарға ортақ дерттерден сақтауды қамтамасыз етуі үшін төмендегі ветеринариялық нормативтер ұсынылады. 

Жануар түрлері

Барлығы 1 басқа керекті тұрақ көлемі, кв.м

Ірі қара мал: сиыр

35,8

қашар

29,1

12-18 ай арасындағы

27,7

3-12 ай арасындағы

19

3 айлық арасындағы төлдер

7,6

Жылқы: бие

38,4

1 жастан жоғары

30,1

1 жасқа дейінгі төлдер

14,4

Қой: аналық қой

11,6

1 жастан жоғары жас қойлар

8,4

қозы

3,05

Ешкі: аналық ешкі

11,7

1 жастан жоғары

6,3

Шошқа: аналық

24,2

4 айлық жастан жоғары

9,8

2-4 ай арасындағы

7,5

0-2 айлық

1,9

Түйе

-

Тауық жұмыртқа, басар

1,7

Қаз аналық

2,8

Үйрек аналық

2,7

      17. Балабақшалар мен спорт алаңдары, мектеп және жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау ғимараттары, саябақтар мен су құбырлары, орталық көшелер мен алаңдарда, скверлерде мал бағу және иттерді серуендету құпталмайды.
      18. Бассейндер мен су қоймаларында жануарларды шомылдыру құпталмайды.

5. Жануарларды жайылымсыз қорада ұстау

      19. Жануарларды жеке үйде арнаулы құрастырылған жабық қораларда ұстап, жануар мен құстар тұратын қоралар үнемі әктеліп, онда арнайы қи сақтайтын орынмен қамтамасыз етілуі және уақытында тазаланып тұруы қажет.

6. Көшелерде бақылаусыз қалған жануарлар

      20. Көшелерде бей-берекет жүрген малдарды ұстау, оны қамау жұмыстарын "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізеді.
      21. "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:
      21.1 қамауға алынған жануарларды азықтандыру үшін мал түрлеріне қарап тәуліктік мал азықтық (рацион) лимитін жасайды;
      21.2 қамауға алынған жануарларды ұстағандығы жөнінде "Қызылорда қаланың ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Қызылорда қалалық әкімдігіне хабарлайды;
      21.3 бұқаралық ақпарат құралдары арқылы иесіз жануарлар туралы ақпараттар беріп және атқарылған жұмыстары жайлы мақалалар жариялап отырады;
      22. Көшеде тұмылдырықсыз немесе қарғыбаусыз жүрген ит иесіз деп танылып, ауланып, жойылуға жатады.

7. Жануарларды сату және сатып алу

      23. Жануарлардың саудасы жануарлар сататын ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Жануарларды Қызылорда қаласына басқа облыс, аудан және шет мемлекет аумағынан әкелу және одан әкету өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
      25. Жануарларды қала аумағында тасымалдау (орын ауыстыру) бекітілген үлгідегі ветеринариялық куәлік немесе паспорт болған жағдайда іске асырылады.

8. Жануарлар иелерінің осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі

      26. Осы Қағиданы бұзған жағдайда үй жануарларының иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық" Кодексіне сәйкес жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады