Арал ауданындағы елді мекендерді абаттандыру, аумақты санитарлық күтіп ұстау және тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 196 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 04 ақпанда N 10-3-177 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 маусымдағы N 221 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011.06.27 N 221 Шешімімен.

      Аудан әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3387 баптарын, 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Арал ауданындағы елді мекендерді және аумақты санитарлық күтіп ұстау, және тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті отыз бірінші
      сессиясының төрағасы                            А. Бөлекбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы                   М. Балманов

Арал ауданындағы елді мекендерді абаттандыру, аумақты санитарлық күтіп ұстау, және тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
      Қ А Ғ И Д А С Ы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арал ауданындағы елді мекендерді абаттандыру және аумақты санитарлық күтіп ұстау және тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету" Қағидасы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне", "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Қағидалар аббаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, инфрақұрылым обьектілерін күтіп ұстау мен қорғау, Арал қаласының аумағындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және пайдаға асыру, тәртібін белгілейді, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.
      Аббаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Арал қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкімдігінің, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.

2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер

      2. Қоршаған ортаға эмиссиялар – ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету.
      3. Қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері.
      4. Қаланы сыртқы абаттандыру – қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды (залалсыздандыру), қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату.
      5. Ірі көлемді қоқыстар шығару шарты – тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйыммен коммуналдық қалдықтар, ірі көлемді қоқыстар (ІКҚ) шығару жөнінде заңдық күші бар жазбаша келісім.
      6. Бекітілген аумақ- осы Қағидалар мен Арал ауданы әкімінің актілерімен, тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген учаске.
      7. Жерді пайдаланушы – мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      8. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.
      9. Арнайы табиғат пайдалану Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
      10. Қоқыс жәшігі – стандартты коммуналдық қалдықтар жинауға арналған сыйымдылық.
      11. Жалпы пайдалану орындары- демалыс аймақтары (саябақтар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және тағыда басқалары.
      12. Бөлінген аумақ – жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын обьектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      13. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      14. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (залалсыздандыру).
      15. Іргелес жатқан аумақ – тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама обьектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа обьектілер шекараларына жанасып жатқан аумақ.
      16. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
      17. Жаяу жолдар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүлкестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      18.Уәкілетті орган – Арал қаласы әкімі аппаратымен анықталатын коммуналдық шаруашылық саласында құзыры бар орган.
      19. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтардың пайда болуы, жинақтау, сақтау, кәдеге асыру, көму, немесе жою орындарының немесе обьектілердің арасында қалдықтарды орналастырумен байланысты қызмет.
      20. Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар.
      21. Қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
      22. Қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану.
      23. Қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою.
      24. Қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процесстер.
      25. Қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму.
      26. Қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою.
      27. Сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түріндегі кез келген қалдықтар.

       3. Санитарлық тазалықты күтіп ұстау мен қалдықтар айналымын басқару

      28. Тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) жинау, уақытша сақтау шараларын ұйымдастыру жауапкершілігі қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзырында.
      29. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.
      30. ТҚҚ ны жинау, уақытша сақтау, орнын күтіп ұстау көп қабатты тұрғын үйлерде пәтер иесі кооперативтері (ПИК), бөлек тұрғын ғимараттар мен жеке тұрғын үйлерде иелері немесе жалдаушыларының күшімен жүргізіледі.
      31. Қойылатын қоқыс жинағыштардың (контейнерлердің) санын, осы қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормасына, қалдықтардың сақталу мерзіміне қарай есептейді.
      Қоқыс жинағыштардың есепті мөлшерін қоқыстың ең көп жиналатын уақытына қарап есептейді. Қалдықтардың (жиынтықтардың) жиналу нормасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай жүргізілуі тиіс.
      32. Су өтпейтін төселіммен жабдықталған, үш жағынан қоршалған алаңда қоқыс жинауға темірден жасалынған контейнерлер қолданылады. Алаң және ауладағы дәретхана ғимараттардан 25 метрден кем емес және балалар ойнау алаңдарынан, демалу орындары мен спортпен айналысу орындарынан 100 метрден кем емес қашықтықта орнатылады.
      33. Тұрғын үйлер, мекемелер және кәсіпорындар ауласындағы қоқыс жәшіктерде жиналған ТҚҚ уақытылы шығарылуы тиіс және қалдықтарды өртеуге тыйым салынады.
      Күзгі мезгілде жерге түскен жапырақтар уақытылы жиналуы тиіс. Жиналған жапырақтар арнайы белгіленген орындарға немесе компостылау алаңдарына шығарылуы тиіс. Тұрғын үй аулаларында, демалыс орындары және парктерде жапырақтарды жағуға рұқсат етілмейді.
      34. Қоқыс жәшік алаңшалары мен іргелес жатқан аумақтардың тазалығы тәулік бойында иелерінің күшімен қамтамасыз етіледі.
      Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі - жылы күндері бір тәуліктен, суық күндері үш тәулікке дейін рұқсат етіледі.
      35. Қауіпті қалдықтарды қауіпті емес және (немесе) инертті қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және орналастыру процесінде оларды бір-бірімен араластыруға тыйым салынады.
      36. Тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын қоқыс жәшіктеріне басқа қалдық түрлерін (құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды) араластырып тастауға тыйым салынады.
      37. Қоқыс жәшік алаңшалары мен қоқыс жәшіктер иелері:
қоқыс жәшіктерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарын ауыстыруға міндетті және қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (қоқыс жәшіктердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, залалсыздандырылуын және масаларға қарсы бұқырлануын уақытылы қамтамасыз етуге шаралар қабылдауы қажет.
      38. Көпшілік баратын жерлерде (сапаржайларда, ішкі сауда объектілерінде, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде) қоқыс салатын кіші қоқыс жәшіктері орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда кіші қоқыс жәшіктері бір бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта кіші қоқыс жәшіктері орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі кіші қоқыс жәшіктерінен орнатылады.
      39. Жеке және заңды тұлғаларға заңда белгіленбеген жерлерге (жаяу жүргіншілер жолына, автокөлік жолдарына және көше жиектеріне) қалдықтарды тастауға тыйым салынады.
      40. Қалдықтардың меншік иелері ҚР Экология Кодексінің талаптарына сәйкес қалдықтарды бөліп жинау технологиясын қолданады.
      41. Қалдықтарды бөліп жинау технологиясын іске асыру үшін екі түрлі контейнерлік жүйе қолданылады.
      42. Қоқыс жәшігінің қақпағы немесе қоқыс жәшігінің өзі толықтай сары бояумен боялған қоқыс жәшігінде қайта өңдеуге жарайтын таза қалдықтар жиналып сақталады.
      Екінші қоқыс жәшігіне лас жарамсыз қалдықтар жиналып сақталады.
      Қоқыс жәшіктерге қайта өңдеуге жарамды қалдықтары жарамсыз лас қалдықтармен араластырып жинауға және бірге тасымалдауға тиым салынады.
      43. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды экологиялық және санитарлық рұқсаты негізінде дербес жүзеге асыруға міндетті.
      44. Ірі көлемдегі қалдықтар (ІКҚ) мен құрылыс қалдықтарын арнайы жабдықталған алаңдарда арнайы бункерде жинау керек. ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинайтын бункерді уақытша құрылыс алаңында, басқа да жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан аумақта үш тәуліктен аспайтын уақытқа қатты төсеніші бар алаңға орналастыруға рұқсат етіледі.
      44. Өндіріс қалдықтары - қалдықтар иесінің иелігі аумағындағы арнайы жабдықталған орындарда өндіріс қалдықтарын уақытша орналастыруға берілген қоршаған ортаны қорғау органдарының рұқсаты негізінде, рұқсат етілген мөлшерден аспайтын көлемде орналастырылуы тиіс.
      45. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуден шыққан қалдықтарды, күріш қауыздарын, тағы да басқа ауылшаруашылық өнімдерінің калдықтарын қала аумағында немесе шеткері аумақтарда заңсыз орналастыруға, өртеуге тыйым салынады.

       4. Қала, кент, ауылдық округ аумағын тазарту тәртібі.

      46. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардық тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
      - көше-жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша – коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      -ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудан сәулетшімен анықталады және Арал қаласы және ауылдық округі әкімінің актісімен бекітіледі.
      47. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
      48. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      3) сыпыру;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

       5. Көшенің өту жолдарын тазарту

      49. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      50. Соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу жолдарын тазартумен, (кесте бойынша) іргелес жатқан жолдарды тазалаумен айналысатын кәсіпорындар жүргізеді.
      51. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтың жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады; тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
      52. Көшелерге кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      53. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      54. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.

       6. Жаяу жолдарды тазарту жұмыстары

      1. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
      56. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
      57. Көшенің жол жағынан гүлкестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу қала, кент, ауылдық округ әкімінің актілерімен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
      58. Көшелер мен өту жолдарының бойында орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
      59. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

       7. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      60. Аудандық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөнідегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      61. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары оларды иелерімен жүргізеді.

       8. Қысқы кездегі қала көшелерін және елді мекендерді тазартудың ерекшеліктері

      62. Қала, кент, ауылдық округтің көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Қағида талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын, уәкілетті органмен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
      63. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
      64. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      65. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.
      66. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
      - бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      - көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      -жаяу жолдарда.
      67. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      68. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
      Бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын, жерлер:
      -аудандық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргіншелер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебаптардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.) ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар обьектілерден;
      -соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
      69. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларға жүргізілуі тиіс. Белгілінген тәртіпке көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға тиым салынады.
      70. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
      71. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдар мен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек.
      3) тайғақ болатын немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдар мен өңделуі керек.
      72. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
      73. Аула аумақтары мен ішкі ормандардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      74. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
      75. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
      76. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде қатерлі учаскені қоршау арқылы жүргізілуі керек.
      77. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстарды жаяу жолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардын түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін (шарт бойынша) орналастырылады.
      78. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.

       9. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

      79. Заңды және жеке тұлғалар қала, кент, ауылдық округ аумағының барлық жерлерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды, жарықты, суқашыртқыларды және т.б.)
      80. Күрделі және уақытша обьектілердің иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды санитарлық тазарту және жинау жұмыстары бойынша шарттар жасасуы керек немесе оны күнделікті өз беттерімен жүргізулері қажет.
      81. Қоқыс жәшіктерге құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастауға тыйым салынады.
      82. Кәсіпорындардың және жекеменшік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға тыйым салынады.
      83. Заңды және жеке тұлғалардың өз меншігіндегі жылжымайтын мүліктің (ғимарат, тұрғын үй т.б.) аумағынан тыс жерлерге, көшеге, яғни халық жүретін жерлерге пайдаланудан кейінгі лас суларды (кір суы, әр түрлі заттар жуғаннан кейінгі лас сулар) төгуге тиым салынады.
      84. Заңды және жеке тұлғалардың өз меншігіндегі жылжымайтын мүліктің (ғимарат, тұрғын үй т.б.) аумағынан тыс жерлерге, көшеге, яғни халық жүретін жерлерге пайдаланудан кейінгі қоқыстарды (азық-түлік пен киімнің басқа да заттардың қораптарын, қалталарды, қаптарды т.б.) тастауға жол берілмейді.
      85. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың, демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге тиым салынады.
      86. Жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға тыйым салынады.

       10. Ішкі сауда объектілері үшін уақытша орын-жайларды орнату және күтіп ұстау

      87. Ішкі сауда бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      88. Сәулеттік және түстері туралы шешім Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі. Ішкі сауда бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
      89. Ішкі сауда бөлшектік сауда объектілері мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан негізгі көшелер мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды Арал ауданы ішкі істер бөлімі Жол полициясы бөлімшесі бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады.
      90. Осы мақсаттарда жаяужолдарды, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
      91. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтың (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейю жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға міндетті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      92. Шағын ішкі сауда объектілері мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нөсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сүрелермен, қоқыс жәшік алаңшаларымен, қоқыс салғыш кіші қоқыс жәшіктерімен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Ішкі сауда объектілері аумақтарына жақын жерлерде Арал ауданы ішкі істер бөлімі Жол полициясы бөлімшесінің келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.
      93. Ішкі сауда бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін, осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
      94. Дүңгіршектердің, павильондардың және басқа да сауда объектілердің арасындағы өртке қарсы үзілген жерлерді сауда материалдарымен, жабдықтармен, жәшіктермен және қалдықтармен бекітіп қоюға, дүңгіршектердің төбесіне жәшіктерді үюге тыйым салынады.
      95. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, бульварларды, жағажайларды ұстауды аудан әкімінің қаулысымен аталған объектілер бекітіліп берілген қалалық мекемелер жүзеге асырады.
      96. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне арнайы рұқсаты болған кезде уәкілетті органдармен жүргізіледі.
      97. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгертуге Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі.
      98. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын жәшіктер бір-бірінен 40 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.
      99. Саябақтар мен жағажайларда қоқыс жинайтын жәшіктерден басқа қоқыс жәшік орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.
      100. Қоқыс жәшіктерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 25 метрден кем емес қашықта болу керек.
      101. Саябақтар мен жағажайлардың аумағында нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкес келетін қоғамдық дәретханалар орналастырылуы керек.
      102. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және Ішкі сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы объектілердің иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы объектілерді сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
      103. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:
      - қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
      - көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда объектілерді орналастыруға болмайды.

       11. Ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау

      104. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желек жолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалыс орындармен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкалармен қалқалармен)автокөлік күтуге арналған павилондармен жабдықталады.
      105. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін. Олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобалармен анықталады.
      106. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
      107. Жаңа құрылыс салу кезінде жүргізіліп жатқан учаске шегінуге шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшы мен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      108. Заңды және жеке тұлғалар шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

       12. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау.

      109. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, құрылыстың бас жобасына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды орналастырады;
      110. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
      - құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсат алады.
      - объектілерді бұзуға рұқсат алу үшін, құрылыс салушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына, берілген учаскенің бөліп берілгендігі туралы шешімін, бұзу немесе бұзу жобасы бойынша техникалық шешімін, құрылыс қоқысын, қалдықтарын, шығару мен кәдеге жарату жөніндегі шешімдерін (келісім-шарттар), бұзуға жататын объектілерден инженерлік желілерді сөндіріп тастау жөніндегі растауын, тиісті мемлекеттік органдармен (сәулет, тұрғын үй, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, қала әкімі аппараты және басқалары келісімі бойынша) келісімін ұсынуы керек.
      111. Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес аббаттандырылуы керек:
      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
      2) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;
      3)қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы керек;
      4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы және төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы керек;
      5) жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
      6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
      7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;
      8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес аббаттандырылған және қатты төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі керек;
      9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерін жуу (тазалау) пункттерімен жабдықталады;
      10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, аббаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
      11) құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында қоқыс жәшіктер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақ ұқыпты түрде күтіліп, мезгілінде жинастырылуы тиіс;
      12) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқыстарды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар және тағыда басқалары) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс;
      13) объектілер қабаттарынан жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолданбай қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;
      14) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы мақсатпен көзделген және сапасы бойынша беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы керек;
      15) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
      16) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолдармен, төсемдермен, таяныштармен, айналма және уақытша жолдармен аббатандыру және олардың ұқыпты түрде күтіп ұстау қамтамасыз етіледі;
      17) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу тек алаңды дайындау шараларын іске асырғаннан кейін басталады;
      20) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
      112. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады;
      1) шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылған қалдықтар мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, Арал қаласы бойынша уәкілетті органдардың келісімдері бойынша топырақ басқа учаскелерге шығарылуы мүмкін;
      2) қоршалған аумақтан тыс жерлерде материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуға рұқсат етілмейді.
      113. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер мекеме құрылыс алаңын жайластыруға рұқсаттама алған кезде, осы жұмыстар түріне мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шартқа отырады.
      114. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.
      115. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол берілмейді.
      116. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған аббаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүру, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі керек.

       13. Аудан аумағындағы жол төсемдерін, жаяужолдарды, гүлзарларды және басқа да обьектілердің қала кент елді мекендердің шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғылуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізудің тәртібі.

      117. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Арал қаласының уәкілетті органдарының келісімімен жүргізіледі.
      118. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда:
      1) аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлік кәріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпының қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.
      2) жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының жабындыларын керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеме есебінен орындалады.
      3) қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында – пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.

       14. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру.

      119. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      120. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілуі керек.
      121. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      - көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      - аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      - өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      - шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      122. Аулаішілік аумақта:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      2) аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға болмайды.
      3) көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға болмайды.

       15. Апатты жұмыстарды жүргізу

      123. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су обьектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      124. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға тиіс. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
      - адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым обьектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
      125. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Жол полициясы бөлімшесіне, Арал аудандық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      126. Аймағында коммуникациялары бар ұйымдар, телефонограмманы алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
      127. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуы тиіс.
      128. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Жол полициясы бөлімшесі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      129. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына Жол полициясы бөлімшесінің келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
      130. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
      131. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.

       16. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін күтіп ұстау.

      132. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетін аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.
      133. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңалау, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
      134. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Қызылорда қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Ескерткіштерді қорғау басқармасымен және Сәулет және қала құрылысы департаментінің келісімімен орындалады.
      135. Уәкілетті орган аудандық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы Арал ауданы әкімдігімен бекітіледі.
      136. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары Сәулет және қала құрылысы бөлімімен берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
      137. Мыналарға тыйым салынады:
      - алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      - табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.

       17. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау

      138. Уәкілетті орган аудандық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын обьектілердің сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі күңгірт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі- таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.

       18. Арал қаласы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері

      139. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      140. Функционалдық міндеттерге сәйкес қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.

19. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      146. Осы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке шақырылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады