Аудан әкімдігінің әлеуметтік төлемдердің төлеуге байланысты кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 наурыздағы N 609 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 сәуірде N 10-7-93 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі N 454 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 23.09.2013 N 454 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 158 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 27 тамыздағы N 10-7-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 тамызда "Жаңақорған тынысы" газетінің N 69 санында жарияланған) тақырыбындағы, барлық мәтініндегі  және осы қаулымен бекітілген қосымшаларындағы, аудан әкімдігінің 2008  жылғы 22 қазандағы  "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 206 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 3 қарашада N 10-7-61 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 қарашасындағы "Жаңақорған тынысы" газетінің N 90 санында жарияланған), барлық мәтіндегі және осы қаулымен бекітілген барлық қосымшаларындағы "нұсқаулық" сөзі "қағида" және аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсанындағы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің N 480 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 28 желтоқсанда N 10-7-49 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 қаңтарындағы "Жаңақорған тынысы" газетінің N 3 санында жарияланған) тақырыбындағы, барлық мәтініндегі "ереже" сөзі "қағида" сөзімен ауыстырылсын.

      Жаңақорған ауданының әкімі                        Б. Еламанов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады