Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерінің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 27 тамызда N 10-7-60 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 наурыздағы N 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 07.03.2013 N 300 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек беру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтары N 1N 2N 3N 4,  N 5қоcымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 31 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Ережесін бекіту туралы" және 17 маусымдағы N 84 "Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесі туралы" қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибрагимовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                  Е. МҰСТАФАЕВ

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
N 158 қаулысымен бекітілген N 1 қосымша

       Қайтыс болған Совет Одағының батырларын, "Халық қаһармандарын", Социалистік Еңбек ерлерін, Даңқ Орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен мүгедектерін жерлеу рәсімдері бойынша қызмет көрсетуге бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Нұсқаулығы

      Осы тәртіп қайтыс болған Совет Одағының батырларын, "Халық қаһармандарын", Социалистік Еңбек ерлерін, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен мүгедектерін жерлеу рәсімдері бойынша қызмет көрсетуге бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

       1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек - аудан бюджеті қаражаты есебінен
берілетін ақшалай нысандағы төлем;
      2) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
      3) біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі бөлім - "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім);
      4) өтініш беруші - біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам.

2.Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі

      2. Жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін оны алуға құқығы бар адам бөлімге мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) жерлеуге берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш;
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) қайтыс болуы туралы куәліктің көшермесі;
      5) Совет Одағының Батыры "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ Орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталғанын растайтын құжаттың көшірмесі.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен
көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш
берушіге қайтарылады.
      4. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адам әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш берген кезде, бөлім қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және дұрыс рәсімделуін тексереді. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, ол туралы өтініш иесіне жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, тиісті түсініктеме беріледі.
      5. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адам әлеуметтік көмекті тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, ол белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі

      6. Бөлім әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен 15 күннен аспайтын мерзімде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      7. Бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушінің жазбаша хабардар етуге және құжаттарды қайтаруға міндетті.
      8. Әлеуметтік көмекті төлеуді бөлім өтініш берушінің таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      9. Әлеуметтік көмек қырық екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.
      10. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің уақытылығы үшін бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
N 158 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша

1999 жылдың 26 шілдесіне дейін "Отан", "Даңқ" орденімен марапатталған, "Халық Қаһарманы" атағын, республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге және басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен әлеуметтік қолдау көмегін тағайындау және төлеу
Нұсқаулығы

      Осы тәртіп жергілікті өкілді орган шешім бойынша 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін "Отан", "Даңқ" орденімен марапатталған, "Халық Қаһарманы" атағын, республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге және басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік көмек - аудан бюджеті қаражаты есебінен ай сайын жүзеге асырылатын ақшалай нысандағы төлем;
      2) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі бөлім "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім);
      3) өтініш беруші - әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар өтініш беретін адам.

2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі

      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін оны алуға құқығы бар адам бөлімге мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш;
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
      5) 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін "Отан", "Даңқ" орденімен
марапатталған, "Халық Қаһарманы" атағын және республиканың құрметті
атағына ие болғанын растайтын құжат көшірмесі.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен
көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш
берушіге қайтарылады.
      4. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адам әлеуметтік көмекті
тағайындау туралы өтініш берген кезде, бөлім қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және дұрыс рәсімделуін тексереді. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, ол туралы өтініш иесіне жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, тиісті түсініктеме беріледі.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі

      5. Бөлім әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен 15 күннен аспайтын мерзімде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      6. Бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушінің жазбаша хабардар етуге және құжаттарды қайтаруға міндетті.
      7. Әлеуметтік көмекті төлеуді бөлім өтініш берушінің таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      8. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
      Әлеуметтік көмек мынадай:
      "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға, республиканың құрметті атағын алған азаматтарға 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге және басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      9. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Әлеуметтік көмек тағайындау негіздемесі жойылғанда немесе алушы қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.
      10. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің уақытылығы үшін бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
N 158 қаулысымен бекітілген
N 3 қосымша

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы
Нұсқаулығы

      Осы тәртіп жергілікті өкілді органның шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен жойылып тұрғын үйсіз қалған аз қамтамасыз етілген отбасыларына, республиканың облыстарынан және басқа республикалардан келген белгілі тұрағы жоқ, ТМД-ның шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайту үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға, темір жол көлігіндегі плацкарт вагонына бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) біржолғы әлеуметтік көмек - аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай нысандағы төлем;
      2) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі бөлім -"Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім);
      3) өтініш беруші - әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар өтініш беретін адам;
      4) тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
      5) аз қамтамасыз етілген отбасылары - жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен отбасылар.

2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі

      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін оны алуға құқығы бар адам
бөлімге мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш;
      2) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      4) тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен үйі жойылғандағы жөнінде тиісті органдардың қорытындысы.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      4. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адам әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш берген кезде, бөлім қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және дұрыс рәсімделуін тексереді. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, ол туралы өтініш иесіне жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, тиісті түсініктеме беріледі.
      5. Өтініш беруші жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болып табылады.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі

      6. Бөлім әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен 10 күннен аспайтын мерзімде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      7. Бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушінің - жазбаша хабардар етуге және құжаттарды қайтаруға міндетті.
      8. Бөлім ұсынылған құжаттардың негізінде тұрғылықты жеріне барып өтініш берушінің отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша акті жасайды.
      9. Әлеуметтік көмекті төлеуді бөлім өтініш берушінің таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      10. Әлеуметтік көмек мөлшері тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен жойылып тұрғын үйсіз қалған аз қамтамасыз етілген отбасыларының әр мүшесіне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және республиканың облыстарынан және басқа республикалардан келген белгілі тұрағы жоқ, ТМД-ның шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайту үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға плацкарт вагонның билет құны есептеледі.
      11. Әлеуметтік көмек аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
      12. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің уақытылығы үшін бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
N 158 қаулысымен бекітілген
N 4 қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
Нұсқаулығы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.04.14 N 1077 қаулысымен.      

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы
N 158 қаулысымен бекітілген
N 5 қосымша

Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағыңың ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер беру
Нұсқаулығы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.04.14 N 1077 қаулысымен.

       Жаңақорған ауданы әкімдігінің
      2008 жылғы 20 тамыздағы
       N 158 қаулысына N 6 қосымша
       (аудан әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
       N 673 қаулысымен енгізілген толықтыру)

      Ескерту. Қаулы 6-қосымшамен толықтырылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.04.15 N 673 қаулысымен.

Аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық төлемдерді төлеу
      Қағидасы
1. Жалпы қағида

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 94 "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы" Қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы XXVI сессиясының N 213 шешіміне сәйкес әзірленді және аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық шығындарына өтемақы төлеудің тәртібін белгілейді.

2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері.

      2. Әлеуметтік төлем мына қызмет түрлері бойынша тағайындалады:
      1) электрмен жабдықтауға;
      2) отын пайдалануға;
      3) ауыз су 1 адамға 1 ш.м;
      4) газбен жабдықтауға;
      5) телефонды пайдалануға.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшері

      3. Әлеуметтік көмектің мөлшері:
      1) электр қуатына 1 айға — 45 квтқа;
      2) отын пайдалануға, от жағатын қысқы мезгілде айына 0,5 тоннаға;
      3) ауыз суға 1 айға тариф бойынша;
      4) газбен жабдықтау 1 айға-10 килограмм;
      5) телефонның эр айдағы абоненттік ақысына;
      Тыл ардагерлеріне коммуналдық шығындарын өтеуге, коммуналдық қызметтің ақысын тұрғын үй көмегіне қолданатын, тұрғын үй көмегінің коммуналдық шығындарына берілетін нормалары бойынша.

4. Қаржыландыру және төлеу

      4. Әлеуметтік көмекті алушылар "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлігі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы);
      4) әлеуметтік жеке код (ӘЖК);
      5) тыл ардагерінің куәлігі;
      5. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
      6. Әлеуметтік көмек оны алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
      7. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
       2008 жылғы 20 тамыздағы
       N 158 қаулысына N 7 қосымша
       (аудан әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
       N 673 қаулысымен енгізілген толықтыру)

      Ескерту. Қаулы 7-қосымшамен толықтырылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.04.15 N 673 қаулысымен.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы
1. Жалпы кағида

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 94 "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы" Қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы XXVI сессиясының N 213 шешіміне сәйкес әзірленді және аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, Облыстық бюджеттер арқылы берілетін бір жолғы берілетін материалдық көмектерді төлеудің тәртібін белгілейді.

2. Төлемдердің түрлері мөлшері.

      1) Бір жолғы материалдық көмек қаржылай
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 50,0 мың теңгеден,
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әр қайсысына 25,0 мың теңгеден, сауықтыру (емделу) орындарына,
      3) Үй жөндеу үшін біржолғы материалдық көмекке.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысысына 50,0 мың теңгеден,
      4) Мерекелік шеруге киетін киімге біржолғы материалдық көмекке.Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 15,0 мың теңгеден,
      5) Мерекелік тағамдарға біржолғы материалдық көмекке.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 15,0 мың теңгеден;
      6) Жол шығындарына біржолғы материалдық көмекке.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әрқайсысына 22,5 мың теңге бір жолғы материалдық көмек төлеуге;

3. Тағайындау және төлеу тәртібі

      1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, бір жолғы материалдық көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі нақты тізімге байланысты төлеуге,
      2) Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
      Ескерту. 2-тармағына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған аудан әкімдігінің 2010.08.03 N 785 қаулысымен.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады