Н.Ілиясов елді мекеніндегі көшелердің және тұйықтардың атауларын өзгерту және нақтылау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 04 маусымда N 10-8-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы, Сырдария ауданы әкімі жанындағы аудандық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 санды ұйғарымы    негізінде ШЕШЕМІН:
      1.Н.Ілиясов елді мекеніндегі көшелерге төмендегі атаулар нақтыланып белгіленсін.
      1)Елді мекеннің кіреберісінен бастау алатын орталық үлкен көше қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаев есімімен аталсын;
      2)А.Құнанбаев көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан бірінші көше аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаев есімімен аталсын,
      3)Елді мекеннің кіреберісінен бастау алатын А.Құнанбаев көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан екінші көше Социалистік Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Алдаберген Бисенов есімімен аталсын,
      4)Д.Қонаев көшесінің солтүстік жағында (он жақ) параллель орналасқан көше Орта Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунисттік Жастар Интернационалының қайраткері Ғани Мұратбаев есімімен аталсын; (Д.Қонаев көшесі- А.Құнанбаев көшесі тірелетін (перпендикуляр)көше)
      5)Д.Қонаев көшесіне перпендикуляр және Қ.Сәтбаев көшесінің шығыс бетінде параллель орналасқан көше Д.Қонаев тұйығы аталсын;
      6)Ғ.Мұратбаев көшесіне перпендикуляр және Н.Ілиясов көшесінің батыс жағында параллель орналасқан көше Ғани Мұратбаев тұйығы аталсын;
      2.Н.Ілиясов елді мекеніндегі төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін.
      1)А.Құнанбаев көшесінің батыс жағында перпендикуляр орналасқан бірінші көше      1987 - 1990 жылдары жас отбасыларын қоныстандыру мақсатында салынған көше бұрынғы "Молодежная" көшесінің атауы "Жастар" атауымен аталсын
      2)А.Құнанбаев көшесінің батыс жағында (сол жақ) перпендикуляр орналасқан екінші және үшінші көшенің бұрынғы кеңес өкіметінің кезінде халықтар достығы үшін берілген "Дружба" атауы "Достық" атауымен аталсын;
      3)А.Құнанбаев көшесіне батыс жағында (сол жақ) перпендикуляр орналасқан төртінші көше- бұрынғы Э.Тельман көшесінің аты 1932 - 1933 жылдары Мақпалкөл колхозын ұйымдастырушылардың бірі. Колхоздың алғашқы төрағасы. Мақпалкөл колхозының дамуына үлкен үлес қосқан азамат Нүркен Нұрашев есімімен аталсын,
      4)А.Қүнанбаев көшесін (перпендикуляр) көлденен кесіп өтетін бірінші көше бұрынғы Ю.Гагарин көшесінің аты КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев есімімен аталсын;
      5)А.Құнанбаев көшесі тірелетін (перпендикуляр екінші көше) көлденен орналасқан көше бұрынғы Ленин көшесінің аты- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордендерімен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімімен аталсын;
      6)А.Қүнанбаев көшесінің шығыс жақ бетінде (оң жақ) параллель орналасқан бірінші көше бұрынғы Стадион көшесінің аты Ленин ордені мен Алтын жұлдыз медалімен марапатталған Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов есімімен аталсын;
      3.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ауылдық округі әкімі:                               Н.Қуандықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады