2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі N 956 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 09 сәуірде N 10-8-114 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы N 1681 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.11.11 N 1681 қаулысымен. 

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабының 8 тармағын 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кент және ауылдық округ әкімдеріне 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру және "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Д.Нурхожин, келісім бойынша) шақырылған азаматтардың ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен әзірленген автокөліктердің кезекшілік кестесіне сәйкес Шиелі кенті және ауылдық округ әкімдері 2010 жылғы көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыру кезеңінде техникалық жағдайы жақсы автокөлікпен қамтамасыз етсін.
      3. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
      1) 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскерге шақыру кестесін жасау;
      2) әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде жабдықталған шақыру пунктімен қамтамасыз ету;
      3) кезекшілік ететін автокөліктердің кестесін әзірлеп, тиісті мекеме басшыларын хабардар ету ұсынылсын.
      4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Н.Әмір, келісім бойынша):
      1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін құрамында қажетті білімі бар және жұмыс тәжірибесі мол, неғұрлым білікті дәрігер-мамандар мен аяжандарды бөлу арқылы медициналық комиссиясын құру;
      2) мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің негізгі жұмыс орындары мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып босату;
      3) аудандық шақыру учаскесін дәрігерлік құрал-жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету;
      4) мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде дәрігерлік сараптамадан өтіп, емделуге мұқтаж әскер қатарына шақыру жасындағы азаматтардың тексерілуін, емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е.Ахметов, келісім бойынша) шақыру кезеңінде жалпыға бірдей әскери міндетін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру пунктіне келуін және шақыру комиссиясы жұмысының барысында шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыс есебінен он бес адамды бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
      7. "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы акционерлік қоғамы" Шиелі аудандық электр тораптары мекемесіне (Е.Тұрсынбаев, келісім бойынша) шақыру пуктіне электр жарығының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлескен түрде мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда әскерге шығарып салуды ұйымдастырсын.
      9. Аудан әкімдігінің:
      2009 жылғы 7 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 469 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 7 мамырында N 10-9-83 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы N 44-45 /7660-61/ шығарылымында жарияланған) қаулысының;
      2009 жылғы 21 тамыздағы "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 627 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 16 қыркүйегінде N 10-9-93 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 90 /7706/ шығарылымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі атқарылған жұмыстар жайлы 2010 жылдың 6 шілдесіне және 2011 жылдың 10 қаңтарына аудан әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
      11. Қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                                 Қ. Мүбараков

2010 жылғы 2 сәуірдегі
       N 956 қаулысына қосымша

       Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010.10.27 N 1189 қаулысымен.

      Нурхожин Даулеткали Ергалиевич - "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Әбіш Маханбет Елтайұлы - "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

МҮШЕЛЕРІ

      Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
      Жұмабекова Гүлзия Рзахметқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
      Икматова Гүлбарам Тұрарқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады