Байланыс формасы

Қарасу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 312 бірлескен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 23 маусымда № 3722 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына3-бабының 6) тармақшасына сәйкес аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қарасу ауданының Степной ауылы оның жер пайдалану шегіндегі аумағынан Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімшілік бағынышына берілсін.
      2. Тұрғындар саны 50 адамнан кем емес Қарасу ауданының мына елді мекендер таратылсын:
      Люблин ауылдық округінің Заречный ауылы,
      Ильичев ауылдық округінің Байығанкөл ауылы.
      3. Таратылған ауылдық елді мекендер енгізілсін:
      Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің Заречный ауылы Корнилов ауылының құрамына,
      Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің Байығанкөл ауылы Косомол ауылының құрамына.
      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                    С. Кулагин

      Сессия төрайымы                            З. Арефьева

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы      С. Төкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады