2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 11 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 наурызда № 9-2-154 тіркелді

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33–бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабы 3–тармағының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери – техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында ШЕШТІМ:
      1. 2010 жылғы қаңтар – наурызда тіркеу жылғы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу бойынша іс-шара өткізуін ұсынамын.
      3. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Рудный қаласының әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) оқу орындарына жүктелімді жеткізуге, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы – оқытушыларды әскери оқу орындары бойынша анықтама мәліметтерімен қамтамасыз етуге, олардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудің басталғаны туралы бұқаралық ақпараттар құралы арқылы хабарландыру беруді ұсынамын. Тіркеу уақытында әрбір әскерге шақырылушымен әскери оқу орындарына түсуге әскери-профессионалдық бағдарға жеке әңгіме өткізуін ұсынамын.
      4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2010 жылдың қаңтар – наурыздағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялардың есебінен жүргізсін.
      5. Осы шешім ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін бірінші күннен бастап қолданысқа енеді.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А. А. Ишмұқамбетовқа жүктелсін.

      Рудный қаласы әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       А. Қосаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Рудный қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ғ. Шалтықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады