"Қамысты ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қамысты аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 190 шешімін іске асыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 48 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 наурызда № 9-11-104 тіркелді 

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 190 "Қамысты ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-99 болып тіркелінген) шешімін іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылсын:
      1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
      егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі (ұл, (қыз) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе немесе зейнеткер не мүгедек болса қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек тағайындалады;
      2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
      қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе тағайындалады және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді;
      3) емдеудің ұстау кезінде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
      4) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға ай сайын оқу кезеңіне айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ай сайын тағайындалады. Әлеуметтік көмекті төлеу мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде кезінде жүргізілмейді;
      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждарына өтініш берген сәттен бастап ай сайын айлық есептік көрсеткіштің он бір есе көлемінде тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болған күнінен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуінен бастап тоқтатылады;
      6) табысы аз азаматтарға біржолғы Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне бес жүз сексен үш теңге көлемінде;
      7) табысы аз азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малына 1 бастан артық емес санымен оның нақты құны көлемінде ауыл шаруашылығы малын сатып алуға-тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алпыс есе көлемінен артық емес біржолғы, жылына бір рет және жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшелерінің біреуіне ғана көрсетіледі;
      8) тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар болып табылатын табысы аз азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде, айына бір рет төленеді;
      9) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатырған жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары бiлiм алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін;
      10) I, II-тобы бар мүгедектерге, мүгедек-балаларға Мүгедектер күніне мың теңге көлемінде, біржолғы;
      2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек", "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.
      8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты
      ауданының әкiмi                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасы
      "Қамысты аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      мекемесінің бас дәрігері
      ____________ Жанұзақов М.Г.

      "Қамысты ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      __________________ Әлпаева С.Ж.

      "Қамысты аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      _____________________ Иванченко Л.П.

      "Қамысты ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      ___________________ Нұржанова К.Т.

Әкімдіктің     
2010 жылғы 15 наурыздағы
№ 48 қаулысына қосымша 

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың тізбесі

1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған
балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек

      Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының(ұл,(қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      4) ата-анасының, ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      осыдан басқа:
      ұл, (қыз) асырап алушылар баланы ұл (қыз) асырап алу туралы шешімді тапсырады;
      қорғаншылар (қамқоршылар), қорғаншы (қамқоршы) куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайыдау туралы шешімін тапсырады;
      5) өтініш.

2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге
әлеуметтік көмек

      Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
      3) қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      осыдан басқа:
      егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактісін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады;
      егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салт қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады;
      5) өтініш.

3. Емдеудің ұстау фазасында туберкулездің
жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша
тамақтануға біржолғы жыл сайынғы
әлеуметтік көмек

      Қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы "Қамысты аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің қолдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет;
      2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш.

4. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және
қатысушыларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген
адамдарға әлеуметтік көмек

      Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырды:
      1) жеке куәлігінің көшірмесін;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгеннің куәлігінің көшірмесін;
      3) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесін немесе тұрғылықты жерден анықтаманы;
      4) өтініш.

5. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы
шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты
шығыстарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек

      Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) өтініш-берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты табысы аз азаматтардың шығыстарын өтеу бойынша қаражатты бөлу туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты;
      3) сауда-саттық шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған;
      4) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растайтын құжат (шот, жөнелтпе құжат, қолхат);
      5) өтініш.

6. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне
жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен
оқып жатқан жастарға әлеуметтік көмек олардың
техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ
ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуымен
байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек

      Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) оқу орнынан анықтаманы;
      3) жоғары немесе орта-арналуы кәсіптік біліммен маманды даярлау туралы оқу орнымен шартты;
      4) өтініш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады