Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 15 "2010 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 135 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 маусымда № 9-12-142 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 1 тармағы 13) тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің "2010 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 9-12-132 нөмірінде тіркелген, 2010 жылы 4 наурызында "Айна" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2 қосымшасында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін, жұмыс орындарды ұсынатын кәсіпорындар тізімінде, осы қаулымен бекітілген, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері:
      "Жұмыс түрлері" графаның "Қарабалық кентін көркейтуге және экологиялық сауықтыруға жұмыскерлердің кәсіби даярлығын талап етпейтін көмек": 1 тармағында:
      "Зираттар қорымдарын көркейтуге көмек 8 5 16800
      (мұсылмандық, христиандық)                шаршы
      (аумақты қоқыстардан тазалау, қоршауды    метр
      сырлау)"
      жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Зираттарды абаттандыруға көмек              8 40 16800
      (аумақты қоқыстардан тазалау, қоршауды             шаршы
      сырлау)                                            метр";
      "Кенттік жағажайды абаттандыруға көмек    2 86 1500
      (санитарлық тазарту, жабдықтауды орналастыру        шаршы
      үшін орын дайындау, орналастыру және                метр
      сырлау, күнделікті қоқыстарды жинау)."
      жолынан кейін келесі мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
      "Октябрьская, 41а көшесіндегі әкімшілік        8 920 10000
      ғимараттың аумағын абаттандыруға көмек               шаршы     
      (санитарлық тазарту, асфальтты бетон              метр
      қаптамасын бұзып алу, жиектастарды алу
      және орналастыру, брусчатканы орналастыру,
      қоршауды жөндеу және сырлау, жаңа қоршау
      орналастыру, ағаш отырғызу, клумбаларды
      бөлу, көгалшөп, гүлдер себу, суару және күту,
      қоқыстарды тиеуге көмек)";
      "коммуналдық пәтерлерді жөндеу           4 21 1200
      (жарым - жартылай сылақтау, әктеу,            шаршы
      сырлау, жуу)                                  метр"
      жолынан кейін келесі мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
      "Октярьская, 41а әкімшілік ғимаратты  жөндеуге    2300 4500
      көмек(шатыр қаптамасын, кірпіш қалауды -            шаршы
      бұзып алу, шатырды құруда, канализация және         метр
      су өткізу, жылу жүйесін жөндеуде қосалқы
      жұмыстар, ескі есіктерді бұзып алу,
      қабырғаларды, төбелерді қолмен тазарту,
      сылақтау, әктеу, сырлау, құрылыс қоқыстарын
      шығару)".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі                  Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады