"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы № 334 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте № 9-18-122 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011.03.25 № 148 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Таран аудандық мәслихатының 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, (2009 жылғы 29 желтоқсандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-106, "Шамшырақ" аудандық газетінде 2010 жылғы 7 қаңтарда жарияланған) Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдік 2010 жылдың 11 наурыздағы № 82 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-111, 2010 жылғы 26 наурызында "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармағының 6) тармақшасындағы "бір айлық есептік көрсеткіш" сөздері "үш айлық есептік көрсеткіш" сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармағының 7) тармақшасындағы "тоқсан сайын" сөзі "ай сайын" сөзімен ауыстырылсын;
      1-тармағы мынадай мағынада 14)15) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар отбасылардағы азаматтарға;
      емделуге мұқтаж азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленіледі;
      15) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар (азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі алуға арналған) отбасылардағы азаматтарға;
      бір жолғы әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтарға тағайындалады және төленіледі.";
      жоғарыда көрсетілген қаулысының қосымшасы мынадай мазмұнды 14, 15-тармақтармен толықтырылсын:
      "14. Медициналық мекемелерде тексерілу, стационарда емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
      6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
      7) тексерілуге жолдама немесе емделуі үшін төлем деректерін растайтын медициналық мекемелердің анықтамасы.
      15. Азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі-дәрмек алуға арналған бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұратын орның растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
      6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
      7) медициналық мекемеден анықтама (дәрі-дәрмек алу үшін әлеуметтік көмек).".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі                      А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      (ММ) бастығы
      _______________ Л. Өтешева

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      ММ бастығы
      ________________ В. Пирог

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады