Жер учаскелеріне арналған базалық ставка төлеміне коэффиценттік түзетулері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы N 137/23 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 шілдеде N 12-12-93 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 50/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.12.06 N 50/10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің ставкасын анықтау және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында:
      1) Ауданның ауылдық елді мекендерінде жалға беру кезінде жер учаскесінің базалық ставка төлемі жыл сайын жер учаскесін жалға беру төлемінің 120 пайыз көлемін бекіту;
      2) Ауданның ауыл шаруашылық нысаны санатындағы жерлерді жалға беру кезінде жер учаскесінің базалық ставка төлемі жыл сайын жер учаскесін жалға беру төлемінің 100 пайыз көлемін бекіту.
      2. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихатының
      ІV сайланған ХХІІІ сессия төрағасы         А. Жураковский

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады