Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "2010 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 20/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы N 222/4 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 09 қыркүйекте N 12-13-112 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "2010 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 20/1 қаулысымен бекітілген аудан азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқауына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде N 12-13-98 болып тіркеуге алынған, 2010 жылғы 20 наурыздағы  аудандық N 12 "Трибуна" газетінде жарияланған):
      2 тармақтың 1 тармақшасы "коммуналдық қызмет бойынша" сөзінен кейін "Жеңіс Күніне орай біржолғы төлемдер" деген мазмұндағы сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақтың 18 тармақшасы "акушер-гинеколог" сөзінен кейін "дәрігер-хирург" деген мазмұндағы сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "37) кәсіптік оқу оқып жүрген жұмыссыздарға жолақысына, тамақтануына және жатып-тұруларына біржолғы көмек;
      38) қаза тапқан әскери қызметкерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне тұрғын үйлерін жөндеуге берілетін біржолғы көмек;
      39) "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға тұрғын үйлерін жөндеуге берілетін біржолғы көмек;"
      3 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына Жеңіс күніне орай 30000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      Жұмыссыздарға 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы көмек.
      Қаза тапқан әскери қызметкерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлем.
      3 тармағына келесі мазмұндағы өзгерістер енгізілсін:
      2 абзацтағы "150000 (жүз елу мың) теңге" сөзі "100000 (жүз мың) теңге" сөзімен;
      5 абзацтағы "4488 (төрт мың төрт жүз сексен сегіз ) теңге" сөзі "басылымның нақты құны бойынша" сөзімен ауыстырылсын.
      11 абзацтағы "30000 (отыз мың теңге) сөзі" "15000 (он бес мың теңге)" сөзімен ауыстырылсын.
      4 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "24) Нұсқаудағы 2 тармақ 37)тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз екендігі туралы мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      25) Нұсқаудағы 2 тармақ 38), 39) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі."
      2. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдерді дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады