"Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2010 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 20/5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 27/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 4 тамызда N 1751 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 30/17 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.12.13 N 30/17 Шешімімен

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2010 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 1735 тіркелген, 2010 жылғы 30 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 30 қаңтарда «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      «Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2010 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/5 шешімі 4-қосымшасының 1 және 2 жолдары келесі редакцияда мазмұндалсын:
      Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

р/с

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1
тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3


Этилденбеген бензин үшін

0,66


Дизель отыны үшін

0,9

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық
      ХХVІІ сессиясының төрағасы                 мәслихаттың хатшысы
      Т.У. Қоныспаев                             Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады