Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 21 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 ақпанда N 13-2-113 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 21 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2010.04.09 N 21 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-тармақшасына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың ауданында жергілікті бюджеттің қаражат есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдық жұмыстарға 310 адам санында сұраныс және ұсыныс анықталсын.
      3. Қосымшаға сәйкес ұйымдарында қоғамдық жұмыстар өткізілетін болатын және қоғамдық жұмыстарын түрлерін Тізілім (әрі қарай мәтін бойынша – Тізілім) бекітілсін.
      4. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңымен орнатылған ең аз жалақысынан төмен емес қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбек ақының мөлшері бекітілсін.
      5. Аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізілімге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      6. Бекітілген Тізілімге сәйкес селолық округ әкімдері жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартуды көлемдерде және түрлері бойынша қамтамасыз етсін.
      7. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М. Нүркеновке жүктелсін.
      9. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

      КЕЛIСIЛДI:
      «Аққайың аудандық мұрағат»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.А. Досщанова

Аққайың ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 21 қаулысымен
бекітілді

Қоғамдық жұмыстар мен қоғамдық жұмыстардың түрлері өткізілетін ұйымдардың Тізілімі

Ұйымдардың
атауы

Жұмыс
орны

Қоғамдық жұмыстардың
түрлері

Қаржыландыру
көздері

«Аққайың
аудандық
мұрағаты»
мемлекеттік
мекемесі

5 адам

1. Құжаттарды сақтауға
даярлау және өңдеуге
көмек көрсету;

Жергілікті
бюджет

«Аққайың
ауданы
селолық
округ
әкімдерінің
аппаратта
ры»

305
адам

2. Құжаттарды сақтауға
даярлау және өңдеуге
көмек көрсету;
3. Шаруашылық кітаптарын
құру және үй
шаруашылығының санағына
көмектесу;
4. Қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету құқықтық
қорғау органдарға
көмектесу;
5. Ауыл аумақтарды
көгалдандыру және
көркейту;
6. Мұз қалашықтарының
құрылыстарында қосалқы
жұмыстарды орындау;
7. 18 жасқа дейінгі
балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау кезінде
жұмыспен қамту мәселесі
бойынша көмек көрсету;
8. Оралмандарды
жайғастыру және қабылдау
бойынша тапсырмаларды
орындау;
9. Мемлекеттік
мекемелерде және
бюджеттік ұйымдарда жағу
кезеңінде жағушы болып
жұмыс істеу;
10. Күзгі және көктемгі
тасқындарға байланысты
мелиоратив жұмыстарын
жүргізу;

Жергілікті
бюджет

Қорытынды

310



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады