Шал ақын ауданының аумағында жер телімдері үшін ақылардың базалық төлемақыларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 26/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда N 13-14-104 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 26.01.2015 N 35/4 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 11-бабы 1-тармағынасәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шал ақын ауданының аумағында жер телімдері үшін ақыларының базалық төлемақыларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң іске енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
XХVІ сессиясының төрағасы
А. Байылов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Н. Дятлов
      КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігі
Салық комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Салық Департаментінің
"Шал ақын ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
С.Ө. Мұқанов
      2010 жылғы 30 маусым
      "Шал ақын ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т.Ж. Бекназаров
      2010 жылғы 30 маусым

  Шал ақын ауданы мәслихатының
2010 жылғы маусымдағы
XXVІ сессиясының № 26/4 шешіміне
қосымша

Шал ақын ауданының аумағында жер телімдері үшін ақылардың базалық төлемақыларына қолданатын түзету коэффициенттері


р/с
Атауы
Түзету коэффициенті
1
Ауылшаруашылық тағайындау жерлері
1,2
2
Жеке тұлғаларға ұсынылған
ауылшаруашылық тағайындау
жерлері
1,2
3
Елді мекендердің жерлері (үй
жанындағы жер телімдерін
қоспағанда)
1,2
4
Елді мекеннің сыртында орналасқан
өнеркәсіп жерлері
1,2

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады