Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы N 307 қаулысы және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 қарашадағы N 23-8 шешімі. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2010 жылғы 3 желтоқсанда N 4-2-146 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, 2010 жылғы 4 мамырдағы аудандық ономастикалық комиссияның № 4 «Көше атауы туралы» шешіміне сәйкес Жылыой аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданы Құлсары қаласы бойынша атаусыз жаңа көшеге Оспанов Құлқайырдың есімі берілсін.
      2. Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 162 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 20-11 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімнің;
      2) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 201 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қазандағы № 22-4 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімін жойылды деп танылсын.
      4. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           Р. Нұғманов
      Аудан мәслихаты ХХІІІ
      сессиясының төрағасы                  А. Төремұратов
      Аудандық мәслихат хатшысы             М. Кенғанов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады