Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасын атқару туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 38 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 4-6-95 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенттік округі әкімінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенттік округі әкімінің 26.06.2012 № 203 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төмендегі ұсынылған:
      1) ақылы қоғамдық түрлері 1 қосымшаға сәйкес;
      2) қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесі 2 қосымшаға сәйкес;
      3) 3 қосымшамен берілген қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары;
      4) ақылы қоғамдық жұмыста жүрген бір жұмыссыз адамның еңбекақысының есебі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 259 "Аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы" (нормативті актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы № 4-6-76 санды реестріне енгізілген, "Дендер" үнқағазының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 8 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Ж. Рахметқалиев

Аудан әкімдігінің    
2010 жылғы 26 ақпандағы № 38
қаулысына 1 қосымша  

Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері

Жұмыс түрлерінің атауы

Ең төмен жалақы есебімен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы

1

Құрылыс және жол жөндеу, су, газ, құбырларын жөндеуге қатысу

1,0

2

Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

1,0

3

Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап, тазалық жұмыстарына көмектесу

1,0

4

Жалғызбасты қарттарға отын түсіру, мал азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу

1,0

5

Тас басу

1,0

6

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу

1,0

7

ЭВМ операторы

1,0

8

Агенттер

1,0

Аудан әкімдігінің     
2010 жылғы 26 ақпандағы № 38
қаулысына 2 қосымша    

Қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесі

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2. Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты;
3. Есбол селолық округі әкімінің аппараты;
4. Елтай селолық округі әкімінің аппараты;
5. Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты;
6. "Келбет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
7. Көктоғай селолық округі әкімінің аппараты;
8. Индербор кенттік округі әкімінің аппараты;
9. "ИндерКомСервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
10. Өрлік селолық округі әкімінің аппараты.

                                         Аудан әкімдігінің    
2010 жылғы 26 ақпандағы № 38
қаулысына 3 қосымша   

Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

      1. Аудандық уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді. Округ әкімдері жергілікті жердің қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды.
      2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті округ әкімдері ұйымдастырады.
      3. Аудандық бөлім жұмыс берушілермен бір айдан, үш және алты айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім шарт жасасады. Кейбір жағдайларда жұмыссыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып бір жылға дейін ұзартуға болады.
      4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады.
      5. Қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады. Жұмыс орнының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады. Оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
      6. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті округ әкімдеріне өтінім береді.
      7. Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда көрсетілген ең төмен еңбекақының 1,0 еселенген мөлшерінде белгіленеді.
      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады аудандық бөлімнің тапсырмасына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.
      9. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
      10. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
      11. Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастырып отырған кәсіпорын, мекеме т.б. аудандық бөлімге әр айдың 25 дейін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді, жұмыс жасаған уақытында табель тапсырады.
      12. Аудандық бөлім қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алады.
      13. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздармен жеке келісім шарт сол бойда бұзылып, аудандық бөлімге жазбаша түрде 2 күн ішінде хабарланады.
      14. Ұсынылған жұмыстан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе өз бетінше тоқтатқан жұмыссыз 6 айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
      15. Ұсынылған ақылы қоғамдық жұмыстан дәлелсіз себептермен жұмыссыз азамат бас тартқан жағдайда, жұмыссыз статусынан айырылады. Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелі күн өткен соң ғана уәкілетті органда қайтадан тіркеле алады. Қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
      16. Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
      - шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде;
      - жұмыссыздар уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
      - тұрғылықты жері өзгергенде;
      - жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
      - жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
      - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындағанда, есептен шығарады.
      17. Ақылы қоғамдық жұмыста жүрген азаматқа жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қосымша ақы төлей алады.
      18. Жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыз азаматтар, егер жұмыс беруші жұмыссыз азаматқа жеке келісім-шарт негізінде қосымша айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен төмен емес еңбекақы төлесе, жіберіле алады.
      19. Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматты жолдамасында көрсетілген жұмыс түрінен басқа жұмысқа материалдық жауапкершілігі бар жұмыстар жатпайды.
      20. Жұмыс берушідегі ақылы қоғамдық жұмыстың ұйымдастырылуын және бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын бөлім тексеріп тұруға құқылы.
      21. Жұмыс беруші ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматты жолдамасында көрсетілген жұмыс түрінен басқа жұмысқа пайдалануға құқысыз.
      22. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

Аудан әкімдігінің    
2010 жылғы 26 ақпандағы № 38
қаулысына 4 қосымша   

Ақылы қоғамдық жұмыста жүрген бір жұмыссыз адамның
еңбекақысының есебі

Жалақы мөлшері

Есеп- телген еңбек- ақы мөлшері

Әлеу- меттік салығы

Әлеу- меттік төлем

Соның ішінде

Қолға тиісі- лі

еңбек- ақы

Есеп- телген еңбек- ақы мөлшері

ЖЗК жарнасы 10% 5 гр   дан

Табыс салы- ғы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


1,0

14952

-

-

14952

-

-

14952

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады