Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 тамыздағы "Қалалық коммуналдық меншік туралы" № 1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 мамырдағы N 615 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 14-1-112 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 112 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.02.01 № 112 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қалалық коммуналдық меншік туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 1138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-98 нөмірімен тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2009 жылдың 21 тамызында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "50 шаршы метрге дейінгі" деген сөздер "100 шаршы метрге дейінгі" деген сөздерге өзгертілсін;
      аталған қаулымен бекітілген қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықта:
      келесідей мазмұндағы 1-1-тарауымен толықтырылсын:
      «1-1- тарау. Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      1-1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерім ұстаушысы – иелігінде (теңгерімінде) мемлекеттік коммуналдық мүлкі бар ұйым;
      мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты – жалға беруші мүлікті уақытша иелік ету және пайдалану үшін жалға алушыға белгілі төлемақымен жалға беруге міндеттенетін шарт;
      мүліктік жалға (жалдауға) беру – жалға берушінің жалға алушыға мүлікті уақытша иелік ету және пайдалану үшін белгілі төлемақымен жалға беруі;
      жалға беруші – жалдау шартында меншік иесінің атынан уәкілеттік етуші тарап. Қалалық коммуналдық меншікке жататын мүлікті мүліктік жалға беру құқығы қалалық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға берілген;
      жалға алушы – жалға (жалдауға) беру шартында қалалық коммуналдық меншікті белгілі бір мерзімге, белгілі төлемақымен және шартта белгіленген талаптармен уақытша иелік етіп пайдалануға алушы тарап;
      мүліктік жалға (жалдауға) беру объектісі – мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын теңгеріміндегі қалалық коммуналдық мүлік.»;
      16-тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерінде есептеледі»;
      45 тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
      «45. Жалға ұсынылатын жылжымайтын мүліктің жалдау ақысының мөлшерлемелері осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес анықталады.»;
      Нұсқаулықтың қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымшаға өзгертілсін;
      осы қаулының 2, 3-қосымшаларына сәйкес Нұсқаулық 2, 3-қосымшаларымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М.Көпееваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев

Шымкент қаласы әкімдігінің
«5» мамыр 2010 жылғы
№ 615 қаулысына 1-қосымша

      Жалға ұсынылған Шымкент қаласының жылжымайтын
коммуналдық мүлiгін жалдау ақысының
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

      Шымкент қаласының коммуналдық меншігі болып табылатын, жалға ұсынылған жылжымайтын мүлікке жалдау ақысының мөлшерлемесі төмендегілерді құрайды:
      Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелері үшін – бір шаршы метр үшін 0 (нөл) теңге;
      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды, сонымен бірге жарғылық капиталында Шымкент қаласы әкімдігінің 100% қатысатын заңды тұлғаларды және коммерциялық емес ұйымдарды орналастыру үшін – айына бір шаршы метр үшін 100 (жүз) теңге;
      басқа заңды және жеке тұлғалар үшін:
      1) Шымкент қаласының аумағында орналасқан объектілерге бір шаршы метр үшін айына 350 (үш жүз елу) теңге;
      2) Білім беру мемлекеттік мекемелерінің тұрғын емес жайларын жалға беру ақысының ставкасы бір шаршы метр үшін айына 60 (алпыс) теңге.

      Қалалық коммуналдық жылжымайтын мүліктің аумақтық орналасқан жерін ескеретін жоғарылату коэффициенті

Объектінің орналасқан аумақтық жері

жоғарылату коэффициенттері

Шымкент қаласы бойынша


1 аймақ

2,5

2 аймақ

2,0

3 аймақ

1,5

Шымкент қаласы әкімдігінің
«5» мамыр 2010 жылғы
№ 615 қаулысына 2-қосымша

      Қалалық коммуналдық жылжымайтын мүліктің Шымкент қаласы бойынша аймақтық шекаралары (схемалық карта)

      РҚАО-ның ескертпесі! (қағаз нұсқасын қара)

Шымкент қаласы әкімдігінің
«5» мамыр 2010 жылғы
№ 615 қаулысына 3-қосымша

      Қалалық коммуналдық жылжымайтын мүліктің Шымкент қаласы бойынша аймақтық шекараларының сипаттамасы

      1 – аймақ:

      Мәделі қожа көшесінен бастап Жолдасбеков көшесіне дейін;
      Жолдасбеков көшесінен бастап Тәуке хан даңғылына дейін;
      Жолдасбеков көшесі мен Тәуке хан даңғылының қиылысынан бастап түзу Қалдаяқов көшесіне дейін;
      Қалдаяқов көшесінен бастап Мақталы (бұрынғы - Хлопковая) көшесіне дейін;
      Мақталы (бұрынғы - Хлопковая) көшесінен бастап Темірлан тас жолына дейін;
      Мақталы (бұрынғы - Хлопковая) көшесі мен Темірлан тас жолының қиылысынан бастап Қожанов (бұрынғы - Щербаков) көшесіне дейін;
      Қожанов (бұрынғы - Щербаков) көшесінен бастап Мәделі Қожа көшесіне дейін.

      2- аймақ:

      2-аймақтың ішкі шекарасы 1-аймақтың шекарасынан бастап келесі аймақты қамтиды (сыртқы шекара):
      Т.Рысқұлов және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан бастап Сайрам көшесінің соңына дейін;
      Сайрам көшесінен бастап Ақназар хан (бұрынғы - Попов) көшесінің қиылысына дейін;
      Ақназар хан (бұрынғы - Попов) көшесінен бастап Жансүгіров көшесіне дейін;
      Жансүгіров көшесінен бастап Володарский көшесіне дейін;
      Володарский, Громов, Халметов (бұрынғы - Сеченов) көшелерінің бойымен Алпысбаев (бұрынғы - Богдан Хмельницкий) көшесіне дейін;
      Алпысбаев (бұрынғы - Богдан Хмельницкий) көшесінен бастап Темірлан тас жолына дейін;
      Тың (бұрынғы - Целинная) көшесінен бастап түзу Т.Рыскұлов және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысына дейін.

      3- аймақ:

      3-аймақтың шекара аумағы 2-аймақтың сыртқы шекарасынан бастап Шымкент қаласының солтүстік, шығыс, оңтүстік және батыс аумақтарын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады