Қала әкімдігінің 2006 жылғы 13 ақпандағы N 82 "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 264 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 қазанда N 14-3-100 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы N 331 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011.10.31 N 331 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 ақпандағы N 82 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-3-22 санымен тіркелген, 2006 жылғы 11 наурызда "Кентау шұғыласы" газетінің N 10 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
      15 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қала әкімі                                 Н.Қалмұрзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады