Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 366 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 қыркүйкте N 14-6-115 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 18.10.2011 № 497 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 187 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2027 санымен тіркелген) негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аудандық коммуналдық меншік туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 372 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-80 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 57 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағында:
      2-тармақшасы «жайларды» деген сөзден кейін «бір айдан аспайтын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықта:
      16-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерде есептеледі»;
      көрсетілген нұсқаулықтың қосымшасы келесі мазмұндағы 6-абзацпен толықтырылсын:
      «Аудандық коммуналдық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшін бір шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қыстауовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады