Жаңабазар ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 38 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда N 14-6-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Жаңабазар ауыл округіне қарасты:
      1) Жаңабазар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ғайса Рамазанов, Рахымбай Ханалы, Исаев Қайрат, Әдіхан Ақабаев, Тәжіұлы Тасболат ақын, Жолдықараұлы Шалқарбай би аттары;
      2) Үлгілі елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Елшібек батыр, Тайлақ батыр, Күндебай Тастанбеков, Жақыпбек болыс, Суан баба, Абдрахым Қасымұлы, Жамбыл Керімбаев, Білән Қуатбайұлы, Ілияс Анашев аттары;
      3) 20 лет Казахской ССР елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қожамберді Көшімбетұлы, Барлыбай Қожамбердіұлы, Байтүгел Құдаймендіұлы аттары;
      4) Қарабастау елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Расул Төлендиев, Бораш баба аттары;
      5) Жылыбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Өмірсерік Қалдыбайұлы аты;
      6) Жаңажол елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Домалақ ана, Албаба, Төленді Мұсақұлұлы, Бақытжан Мүтәліұлы аттары;
      7) Тілектес елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Зиямет Бостанов аты;
      8) Жаңаталап елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Сансызбай Рсымбетұлы, Суықбұлақ атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды бас маман іс басқарушы А.Бегалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңабазар ауыл округі әкімі:               Н.Егемқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады