Қазығұрт ауылы округіне қарасты Келес көшесінің атауын өзгерту жайлы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 63 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте N 14-6-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасын және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қазығұрт ауылы округіне қарасты Келес көшесі соғыс және еңбек ардагері Досалы Мәмбеталиев болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маман жер инспекторы М.Усербаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі                          Ж.Қалдияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады