Көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 90 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қаңтарда N 14-7-132 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) – тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты:
      - Өркенді ауылындағы Гаражная көшесін "Дәуір көшесі";
      - Нұр ауылындағы Гаражная көшесін "Ақ жол көшесі", Ленин көшесін "Ынталы көшесі", Гагарин көшесін "Береке көшесі", МТС 1, 2 көшесін "Құрылыс көшесі";
      - Талапты ауылындағы Пушкин көшесін "Қырман көшесі", Киров көшесін "Бейбарыс көшесі", Тельман-1 көшесін "Мақташы-1 көшесі", Телман-2 көшесін "Мақташы-2 көшесі", Победа көшесін "Мереке көшесі", Гагарин көшесін "Ғарыш көшесі";
      - Көрікті ауылындағы Гаражная көшесін "Егіндік көшесі";
      - Ақниет ауылындағы Интернационал көшесін "Бірлік көшесі", Целина көшесін "Тың көшесі", Ленин көшесін "Жұлдыз көшесі" деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Дарменовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ынтымақ ауылдық округінің әкімі М.Ауаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады