2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы N 8 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда N 14-8-77 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 474 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012.02.06 № 474 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.Досова) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыздарды келісіміне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Бердімұратқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               Ш.Кенжеев

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 19 қаңтардағы
№ 8 қаулысымен бекітілген
қосымшасы

      Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Саны, адам

1

2

3

4

1

Ауылдық округ әкімдері аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

107

2

Ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Темірлан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу

121

3

Ауылдық округ әкімдері аппараттары, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі

Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесуге

56

4

Ауылдық округ әкімдері аппараттары, "Темірлан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Аймақты экологиялық сауықтандыру, көріктендіру

154

5

Ауылдық округ әкімдері аппараттары, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесуге

66

6

Аудандық ішкі істер бөлімі

"Тәртіп" пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесу

25

7

Қажымұқан ауыл округ әкімі аппараты

Жұмыссыздарды бейімдеу орталығы

1

8

Ауылдық округ әкімдері аппараттары

Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу

10


БАРЛЫҒЫ:


540

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады