Үгіттік баспа материалдары орналасатын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 568 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 қазанда N 14-15-100 тіркелді. Күші жойылды - Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы N 111 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шардара ауданы әкімдігінің 2011.02.25 N 111 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі № 400 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-43 тіркелген, 2007 жылғы 13 тамыздағы № 30 «Шартарап-Шарайна» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шардара аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Жарияқұл Шүкір Өтелұлы

      24.09.2010 жыл

Шардара ауданы әкімдігінің
24  қыркүйек 2010 жылғы
№ 568 қаулысына 1 қосымша

Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

      р/с

Белгіленген орындар

Түрі

1

№ 928 сайлау учаскесі бойынша Қызылқұм ауылы әкімі аппараты ғимаратының алды

Тақта

2

№ 929 сайлау учаскесі бойынша «Ақалтын»  ауылдық клубы

Тақта

3

№ 930 сайлау учаскесі бойынша «Егізқұм» ауылдық  отбасылық амбулатория алды

Тақта

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады