2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 06 мамырдағы N 115 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 маусымда N 5-4-134 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 555 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010.12.24 N 555 қаулысымен (2011.01.01 бастап күшіне енеді).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2010 жылға тұрғындардың келесi нысаналы топтары анықталсын:
      1) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
      2) балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      3) кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты үнемi күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      5) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты бойынша зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарына босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) мектептердi, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушi – жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      14) өндiрiстi ұйымдастырудың өзгеруiне, соның iшiнде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнi тәртiбiнде жұмыс iстейтiн адамдар;
      15) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      16) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
      17) 50 жастан асқан азаматтар.
      2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Қаһармановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Риддер қаласының әкімі                Д.Ю. Кавригин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады