1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 02 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 5-6-102 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 2137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 2137 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 “Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы” Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33 бабының 1 тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 “Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы” Қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Аягөз ауданының шақыру учаскесіне заңмен белгіленген мерзімде 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.
      2. Шақыру учаскесіне тiркелетiн 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәләндiру 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргiзiлсiн.
      3. “Аудандық медициналық бiрлестiгi” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (Ж. Жұмаханов) (келісiмі бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәләндiрудi өткiзу үшiн қажеттi мөлшерде маман-дәрiгерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердi бөлу;
      2) жатып емделетiн орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде тiркеу жөнiндегi комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшiн бос орындар ұстау;
      3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
      4) тiркеу жүргiзiлу барысында, емделуге мұқтаж әскерге шақырушылардың тiзiмдерi тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелерiне бекiтiп, толық емделiп шығуын ұйымдастыру;
      4. Қала, кент және ауылдық округтер әкiмдерi әскери тiркеуге тиiстi азаматтарды қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      5. “Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (Б. Мұстафаев) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
      6. “Аягөз аудандық бiлiм бөлiмi” мемлекеттiк мекемесiне (С. Ещанова):
      1) әскери оқу орындарына үмiткерлердi iрiктеу және бiлiм деңгейiн тексерсiн;
      2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үмiткерлерді iрiктесiн.
      7. Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмiне (Ш. Құнанбаев) (келiсiмі бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен басқадай қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, әскери тiркелуге тиiстi азаматтар туралы мәлiметтердi Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне хабарлау;
      2. Қазақстан Республикасының “Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы” Заңын орындаудан жалтарып жүргендердi iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
      9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі                  Н. Әзімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады