Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 07 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 19 тамызда N 5-6-113 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 45791218-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарының түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – бөлім) жасалған келісім шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақысын төлеуге шыққан шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының сексен пайызы мөлшерінде бөліммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.08.27 № 95 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың тенге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөліммен қатысушылардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.
      7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі жұмыс берушімен ай сайын оның меншік қаражатынан атқарылатын жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі                           Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады